Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Талдықорғанда сүйіктісіне шабуыл жасап, тамағын осып жіберген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 қазан күні қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.
Бейнежазбадан ер адамның қызды жерге құлатып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін ол үстелден канцеляр пышағын алып, қызды бауыздамақ болды. Пышақпен бірнеше соққы жасағаннан кейін ол сыртқа шығып кетеді.
Белгілі болғандай, бұған дейін жігіт қызды жүйелі түрде ұрып-соғып келген. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы күдікті ұсталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61