Bugin

Қате кеткен шығар: Алматыдағы өрт болған жерде ұлы тұратын ана тосын жайтты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Фото: Massaget.kz

 

Алматыдағы хостелден өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Әсем Садықова өрттен кейін ұлын таба алмай қалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Massaget.kz тілшісіне колледжден хабарласып, ұлы қаза тапқандардың тізімінде екенін айтқан. Әсем Садықованың ұлы Сунат 22 жаста. Ол 1 ай бұрын бұл хостелге көшіп келген. 

"Осы жерде 1 ай ғана тұрды. Колледждегілер маған барлық ақпаратты жіберді. Негізінен оқуды 2 жыл бұрын бітірген. Қазір жұмыс істеп жүрген. Балам 2001 жылғы еді. Колледждегі оқытушы хабарласып айтты. Кеше ғана сөйлескен едік. Кеше 6-да қоштастық. Бірге жұмыс істейміз. Басшылар ұлыңыз жұмысқа келген жоқ деді, сол кезде колледжден хабарласты. Оларға білім бөліміндегілер айтқан. Баламның қайда екенін білгім келеді. Қате кеткен шығар. Не болғанын білмеймін. Хабар 10:40-та келді. Сатушы-менеджер болып істейтін. Маған "мама, 25 мың теңге төлеп, досыммен бірге тұрамын" деді. Тұңғышым, әкесімен ажырасып кеткенбіз", - дейді әйел. 

Осыған дейін Алматыдағы Хостелде болған өрт салдарынан 13 адам қаза тапқанын жазған едік. Бұл оқиғаға қатысты танымал қоғам қайраткері пікір білдірді. Өрттен қанша шетелдік студен қайтыс болғанын хабарладық.