Bugin

Саясат Нұрбек хостелдегі өртке қатысты тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясат Нұрбек. Фото: Youtube / Қазақстанның парламент мәжілісі. nur.kz

Алматыда хостелде өрт болып, салдарынан 13 адам қаза тапқан еді. Зардап шеккендердің арасында колледж және университет студенттері анықталған болатын. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жағдаятқа байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке хостелдегі өртке қатысты қойылған сауалға:

"Министр және министрлер кабинетінің мүшесі ретінде мен бұл салада болып жатқан барлық жағдайға жауаптымын. Осы ретте тағы да айта кетейін, біз ЖОО-мен келісім-шарт жасағанбыз. Біздің мониторингтен өткен 85 жатақханада мұндай оқиғалар болмаған. Сәулет, қала құрылысы, техникалық талаптарды бұзып, осындай қызмет көрсететін жеке сектор үшін, жеке ұйымдар үшін жауапкершілік алмаймын. Бірақ мен барлық студенттер үшін, бүкіл сала үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бұл, әрине, менің жеке жауапкершілігім", - деп жауап берді. 

Бұған дейін хостелде қаза тапқан 19 жастағы жігіттің анасы жариялаған жазба жайлы жазған едік.