Bugin

“Өте қомақты қаржыны санап алған”: Жәнібекті заңсыз сатқан адамнің кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: halyq-uni.kz сайтынан алынды. 

“Қазақстан” ұлттық арнасындағы “1001 түн” бағдарламасына Қымбат Досжан мен Жани Савельев қонаққа келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қымбат Досжан "Мың алғыс" жобасын қалай өткізгені туралы айтып берді. Шара жыл сайын ұйымдастырылады. Қымбат Досжан:

"Арқалыққа редактормен ең алғаш барғанда перзентхана дәрігерлеріне сіздер қалай қақаған қаңтарда қолхат алып қалып, ол әйелді қайта іздемейсіздер? Ол әйелге бірнәрсе болып қалған шығар, жаңадан босанған әйел бір жерге құлап қалған шығар дегенде, ол әркімнің өз шаруасы деп сылбыр жауап берді. Оның барлығы да  бізде осы уақытқа дейін тарих емес, бастау болды. Жәнібек содан бері көп кісілермен кездесті. Оны құшақ жая қарсы алды, әсіресе аналар",-деді.

Айгерім Сейфолла Арқалық полиция қызметкерлері жүргізіп жатқан тергеу жұмыстары туралы сұрады. Қымбат Досжан ол туралы:

"Ол істі жауып тастаған болатын. Оқиға 20 жыл бұрын орын алған. Салғырттық деген баппен ашылған іс жабылды. Мен айтып, прокуратураға арыз жаздық. Қаңтар айының аяғында тергеу басқа баппен басталды. Соның жалғасы ретінде 1 аптаға жуық уақыт болды Арқалық полицейлері осында жұмыс істеп жатыр. Арқалықтан келген полиция қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. «Қылмысқа 20 жыл өтті, мені ұмытты» деп ойламау керек. Сол кезде де компьютер бар. Деректер мен құжаттар бар"-деп айтты.

14 әйелден алынған ДНК сынамасы 0 пайыз болып шыққан. Жәнібектің арқасында 4 баланың анасы табылған. Талай қылмыстың беті ашылған. Қымбат Досжан :

"2000 жылдары Арқалықта әлеуметтік мекемелерде жұмыс істеген адамдардың 99 пайызы аналар ғой. Жәнібектің шетелге кетуінің өзі аналардың қолымен жасалған дүние. Әйел адам Жәнібек үшін асырап алатын бельгиялық азаматшадан өте қомақты мыңдаған еуро көлемінде ақша алған. Келісіммен қолынан санап тұрып алған. Оның әйел адам екенін, сол кезде жас келіншек болғанын, сол кезде отбасы болғанын, оның қазір жасы нешеде қай жерде жұмыс істейтінін мен бәрін білем. Қазір полиция ол кісімен де айналысып жатыр. Біз ана дейміз де, сөз арнаймыз. Бірақ баламыздың заңсыз түрде шетелге кетуіне тағы да аналардың себіі тиіп отыр. Қазір Арқалық перзентханасында сол кезде қызмет еткендер әлі де қызмет етіп жатыр. Тіпті зейнеткерлікке шықса да сол кәсіби жұмыстарымен айналысып жатыр. Олардың барлығы «сонша жыл өтті, бізден не сұрайсың» дегендей бізді тезірек кетуге итермеледі. Бірақ заң бар. Сол кезде бала ауысқан болса, соған жауап бересің. Мына қолдың 5 саусағындай өзі 4-5-ақ адам жасаған дүние. Біз бір ғана Жәнібектің тағдырын айтып отырмыз. Бұл бала бізден кеткенде керемет отбасыға түсіп, әкесі бар, шешесі бар солардың махаббатына бөленген, мейіріміне сусындаған, қандай ойыншықпен ойнаймын, қалған білімін алған болып өссе, арман жоқ қой. О баста бұл баланы кімге берген? Жалғызілікті, депрессияға жиі ұшырайтын әйелге берген. Және бұл бала тағдырлы бала дейтінім сол. Мен барлық шетелге кеткен балалар туралы айтып отырған жоқпын. Бұл бала біздегі балалар үйінен кетіп, ол жақта да 2 жылдан соң балалар интернатына түсті. Сондықтан ғой менің айтып отырғаным, аналар сүйе де алады. Мейірлене де алады. Бірақ ақша үшін, басқа үшін баланы мансұқ етіп, баланы шекара асырып жібере алады",-деп айтты.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!