Bugin
Фото: Видеодан кадр
11 сәуірде Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судьяны сот процесінен шеттету туралы ұсыныс білдірді.
"Құрметті сот! Онда сізге наразылық білдіруге рұқсат етіңіз", деп бастады Ерлан Ғазымжанов.
Судья Құлыбаева Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысының сөзін бөлді.
"Соттың бірнеше рет ескертуіне қарамастан қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасын бұзғаныңыз үшін сот сізге ескерту жасап жатыр, қорғаушы. Сот отырысына қатысушылардың орындарынан тұруын сұраймын. Алқабилердің кетуін сұраймын", - деді судья.
Осы сөзден кейін эфир үзіліп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот ісі әлі жалғасып жатыр.
Тағы оқи отырыңыздар:
Бишімбаев соты: Прокурор кейбір деректерді көрсетті
"Маған адвокат қажет, бәріне дайын болуым керек”: Салтанат құрбысына тағы не айтқан?