Bugin

Еліміздегі су тасқынына байланысты дәл қазіргі ахуал қалай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. ТЖМ

Бүгін сағат 10:00-ге дейін Республика бойынша 23085 адам өз үйлеріне оралды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ТЖМ ресми дерегіне сілтеме жасап хабарлайды. 

11,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. 4554 тұрғын үй мен 2767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Жедел желі телефонына 2132 қоңырау түсті.

Осыған дейін Жайық су тағы да көтерілгенін хабарлаған едік. Республика бойынша су қоймаларындағы жағдайды хабарладық.