Bugin

Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан кім екені анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желіде тараған Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видеоның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Оқиғаға қатысушылар мен жәбірленуші, күдіктілер анықталды. 

“Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды”,- деп хабарлады ІІМ.

Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды ұстау үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді. 

Бұған дейін әскери киімдегі жігітті ұрып, күш көрсеткен видео тарағаны туралы хабарлаған едік.