Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар қаза болды. Олар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта шықпады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға кеше, 6 қазанда болған.
Рудный қаласында тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізуге 4 адам келген. Олар тереңге түсіп, қайта шықпады.
“Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Жедел медициналық қызмет мамандары олардың көз жұмғанын анықтады”, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақмыста екі кенші қаза болғанын хабарлаған едік.
Сонымен қатар Қарағанды облысында дала өртінен тағы бір адам қаза болған.