Bugin
Фото: ІІМ
Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров кей тұлғалардың бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеше, 8 қазан күні 16 жастағы баланың өліміне қатысы бар 7 адамның ұсталғанын хабарлаған едік. Бірақ марқұмның туыстары кінәлі азаматтардың әлі бостандықта жүргенін айтып шағымданды.
"Қазір олардың әрқайсысына құқықтық баға беріледі. Оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбалары да зерттеліп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің арнайы бақылауында. Олардың бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып жатыр" - деді ол.
Еске салайық, Талғарда сыра үшін бір топ ер адам 16 жастағы баланы пышақтап кеткенін хабарлаған едік.
Кейін бұл іске қатысы бар 7 адам ұсталды.
Алматы облысы ПД төбелес кезіндегі бейнебақылау қамерасындағы жазбалар өшпегенін мәлімдеді.