Bugin

Шерзаттың өлімі: төбелес шығарғандардың бұрын не үшін сотталғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы қанды оқиғаға қатысты 7 адам құрықталды. Олардың арасында 2 ер адамның бұрын істі болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

2 күдікті бұған дейін де бұзақылық бабы бойынша сотталған болып шықты. Олар 26 жастағы Нұрқияс Ілиясов пен 24 жастағы Шынасыл Абзал.

Ілиясов 2023 жылғы 28 шілдеде мас күйде бармен Р.Труспеков деген азаматты ұрған. 1 қыркүйекте тағы да мас күйде М.Сүлейменов деген ер адамды соққыға жыққан. Араға он күн салып 10 қыркүйекте жанар-жағармай бекетінде  А.Манап деген азаматпен жанжалдасып, оны да соққы астын алған.

Ал Шынасыл Абзал тараптардың татуласуынан кейін ешқандай жауапкершілікте тартылмаған. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімді ішімдік үшін пышақтап кеткенін хабарлаған едік. 

Жасөспірімнің өліміне күдікті ретінде 7 адам ұсталды.

Талғардағы оқиғаға қатысты полиция мәлімдеме жасады.