Bugin

“Биологиялық өлім”: Шерзат Болаттың қандай жарақаттан көз жұмғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Талғар орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері төбелес кезінде мерт болған жасөспірім Шерзат Болат пен оның туысы қандай жарақаттар алғаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Талғар аудандық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді және оның ағасые емдеу мекемесіне Шерзаттың әкесі алып барған. Олар 4 қазанға қараған түні сағат 00:58-де жеткізілген. 

"2008 жылы туған пациентті туыстары өте ауыр жағдайда жеткізді. Оның сол жақ кеуде тұсында, 4-5 қабырға аралықта пышақ жарақаттары болды. Оған дереу медициналық көмек, жүрек-өкпе реанимациясы көрсетілді, бірақ нәтиже болмады. Биологиялық өлім тіркелді", - делінген хабарламада.


Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімді ішімдік үшін пышақтап кеткенін хабарлаған едік. 

Жасөспірімнің өліміне күдікті ретінде 7 адам ұсталды.

Талғардағы оқиғаға қатысты полиция мәлімдемежасады.