Bugin

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

17 қазанда кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталған. 

“Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында”, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулердің өртегенін хабарлаған едік

Шерзат Болатты өлтіргенген күдіктілер хуторлық Хасанның адамдары деген ақпарат тарады. 

Хасан Қасымбеков бұл ел ішінде айтылған сөздерге жауап берді.

Жанар Айжанова желіде тараған Хасанмен түскен суреті туралы айтты.