Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Шерзат Болаттың ісіне қатысы барлардың қашан жазаланатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Мәжіліс алаңында Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болатқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша 11 айыпталушы қамауда отыр, олардың барлығы жауапқа тартылады.
“Тергеу аяқталу сатысында, жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз”, - деді Санжар Әділов.
Соңғы айыптау прокурормен келісе отырып шығарылады, ал қылмыстық іс материалдары қылмыстық процеске қатысушыларға танысу үшін ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімді ішімдік үшін пышақтап кеткенін хабарлаған едік.
Жасөспірімнің өліміне күдікті ретінде 11 адам ұсталды.
Талғардағы оқиғаға қатысты полиция мәлімдеме жасады.
Шерзат Болаттың өлімі "биологиялық өлім" екені анықталды.