Bugin

QazNews24 паблигінің авторы не үшін қамалды? – полиция жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Инстаграм/ Qaznews24

Алматы полиция департаменті QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек не үшін қамалғанын нақтылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полицияның мәліметінше, Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларымен байланысты емес екен. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған.

“Бұл біздің көпұлтты елімізде, конституцияға сәйкес, ешкімнің шығу тегі, ұлты, тілі, діні немесе басқа да себептер бойынша кемсітуге ұшырамауы тиіс. Бұл қоғамда мүлдем жол берілмейтін жағдай”, - деп атап өтті полиция. 

Полицейлер іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қозғалғанын айтты.  Ал Темірлан Еңсебекті қолдаған бірнеше азамат рұқсат етілмеген пикеттер өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, танымал Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі ай мерзімге қамауға алынды.

Ол 174-бап бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе дәни алауыздықты қоздыру")  айыпталып отыр. Темірлан Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Осы жағдайдан кейін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты. 

19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.

Кеше, 20 қаңтар күні Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, “Сатира – қылмыс емес” деген жазуы бар плакат ұстап пикетке шыққан еді. Оқиға орнына 5 минут өтпей полиция барып, журналисті ұстап әкетті. Сот шешімімен журналист 15 күнге қамады. Журналиске "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” (488-бап) деген айып тағылған. Жәпішева сот шешіміне келіспейді.