Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: инстаграм/Qaznews24
Сатиралық пабликтің авторы Темірлан Еңсебек түрмеден хат жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
QazNews24 сатиралық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздыру бойынша іс қозғалды. Ол 2 айға қамауға алынды. Түрмеде отырған Темірлан Еңсебек хат жазды.
"Сатира қылмыс емес! Мен экстремист емеспін! Мен заңның 20-бабын жүзеге асырдым. Мен қылмыскер де емеспін! Конститутцияның менің құқығымды қорғауын талап етемін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қайда? Мен не үшін отырмын?! Құқықтық мемлекетте әзіл үшін абақтыға жаппайды!", - деп жазды ол.
19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.
20 қаңтар күні Әсем Жәпішева Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, “Сатира – қылмыс емес” деген жазуы бар плакат ұстап пикетке шыққан еді. Оқиға орнына 5 минут өтпей полиция барып, журналисті ұстап әкетті. Сот шешімімен журналист 15 күнге қамады. Журналиске "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” (488-бап) деген айып тағылған. Жәпішева сот шешіміне келіспейді.
Полицияның мәліметінше, Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларымен байланысты емес екен. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған.