Bugin
Арыстағы жарылыста жарақат алған сегіз жасарлық бала бас қаланың ауруханасында жатып көз жұмған еді
Соған орай, Бас қаланың жас әкімі Алтай Күлгінов бүгін көз жұмған баланың Арыстағы ата-анасына көңіл айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
- Арыс қаласындағы көлік оқиғасынан жарақат алып, Нұр-Сұлтан қаласында ота жасалған бүлдіршіннің жантәсілім еткені қабырғамызды қайыстырды. Ата-анасына көңіл айтып, сабырлық тілеймін. Бауырымыз бүтін, еліміз аман болсын! – деп жазды Күлгінов.
Айта кеткен жөн, Арыстағы жарылыстан қашқан бала Арыс-Монайтас тас жолында көлік астына түсіп, ауыр жарақат алған еді. Бір ай бойы комда жатқан бала бүгін таңертең жантәсілім болды.
Ал бұған дейін Түркістан әкімдігі баланың ата-анасына материалдық көмек көрсетілетінін айтқан еді.