Bugin

Қырғызстанда қытайларға қарсы тағы да наразылық пайда болды

Бішкектен тәртіп сақшылары жіберілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтон-Сары кенішінің маңындағы жұрт биліктің «қытай мәселесіне» назар аудармай отырғанына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

Нарын облыстық Ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Қара-Ши ауылының маңына 300-ге жуық адам жиналған.

- Қазір бұл маңға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жіберілген. Облыстық ІІБ басшысы да осында. Одан бөлек, Бішкек қаласынан да тәртіп сақшылары келе жатыр. Жиналған жұрттың көбі сабырлы, агрессиядан аулақ, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Құндыз Есенғұлов.

Айта кеткен жөн, 5 тамыз күні Нарын облысына қарасты «Солтон-Сары» кен орнында қырғыздар мен қытайлардың арасында қақтығыс болып, 20 шақты адам жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Қытайлар мен қырғыздар бір-біріне лас лақтырып, кейін кеніш ішінде төбелес болған.