Саясат
Үкімет жалған ақпарат таратқандарды жазалауға уәде беріп отыр
Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі қытай инвесторларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қытай Халық Республикасының қарулы күштері жұмылдырылатын болады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін Қырғызстанның кейбір баспасөз өкілдері министрлер кабинетінің Қытайдан келген кәсіпкерлерді сол елдің қарулы күштері күзететіні жайлы заң жобасын қарастырып жатқаны туралы ақпарат таратып жіберген болатын.
Алайда Қырғызстан үкіметінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Есенгүл Facebook-тегі парақшасында бұл ақпараттың өтірік екенін растап, оны таратқандарға жаза қолданылатынын айтты.
Солтон-Сарыдағы қырғыз-қытай қақтығысы
5 тамыз күні Қырғызстанның Нарын облысына қарасты «Солтон-Сары» кен орнында қырғыздар мен қытайлардың арасында қақтығыс болған еді. Ауыл тұрғындары жиналып, кен өндірісімен айналысып, комбинат салып жатқан «Jhong ji Mining company» компаниясының маңына топталып, наразылық білдірмек болған кезде, шетелдік жұмысшылар да қарсылық көрсетіп, арты төбелеске ұласқан болатын. Бұдан 21 адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Оның біреуі ғана ауыл тұрғыны, қалғандары қытай жұмысшылары.
Осыдан кейін қытай елшілігі қырғыз үкіметіне бүлік шығандарды жазалау туралы талап қойып, шетелдік жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуге өтініш білдірген болатын.
Sputnik Қырғызстан