Кеттік, Bugin
Киелі орын, рухани орта
Еліміздің оңтүстігі мен батысында киелі орындар көп-ақ. Солардың бірі әрі бірегейі Түркістандағы киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі десек, артық емес. Осыдан алты ғасыр бұрын тұрғызылған мәдени жәдігерді көру үшін алыстан да, жақыннан да келетіндер көп. Әсіресе, шетелден келетін қонақтарға жергілікті халықтың үйреніп қалған жағдайы бар.
- Шетелден келетін қонақтардың көбі Орта Азиядағы ірі тарихи ескерткіштердің бірі – Ясауи кесенесіне орта ғасырлық мәдениеттің көзін көріп, рухани тәрбие алу үшін келеді. Ал ел ішінен жолы түскендердің көбі киелі атаның рухына тағзым жасап, бата сұрап, киелі орынға зиярат ету үшін, тағдырына келген қиындықтарымен бөлісу үшін келеді, - дейді "Limon.kz" атты туристтік компанияның экскурсия жетекшісі Арысбек Нияз.
Түркістанға сапар барысында Ясауи кесенесін көру үшін келген шетелдік қонақтардың кейбірімен тілдесіп қалудың сәті түсті. Олардан Түркістанға келу себебі мен алған әсерлері жайында сұрап көрген едік.
Мұстафа Бәкір, Түркия, Анкара, оқытушы.
Ясауи – Ұлы ата
Камила Хакансон, АҚШ, Сиэтл, студент- Ясауи кесенесіне екінші рет келіп отырмын. Түркістанда да, Түркияда да Қожа Ахмет Ясауи атында университет бар. Оны бәрі біледі. Мен – Түркиядағы университеттің оқытушысымын. Түркістанға қазақ студенттеріне бір апта сабақ беруге келген едім. Содан Ясауи атамызға зиярат етіп шығайын деп келген бетім. Шыны керек, Түркістан – түркі халықтарының рухани отаны. Оны Түркия түріктері де іштей сезінеді. Ал Қожа Ахмет Ясауи түріктер үшін "buyuk ata" (Ұлы ата). Ясауи атаны танымайтын түрік жоқ. Аса қадірлейді. Біз Түркиядағы Ясауи университетінің шәкірттерін Түркістанды көріп қайтуға жыл сайын жібереміз. Бұл рухани отанымызды тануға, сөзсіз, септігін тигізеді.
Инфрақұрылым нашар
- Қазақстанға АҚШ-та бірге білім алған досым алып келген еді. Қазақ елінің қонақжайлығына алғысым шексіз. Түркістан қаласы да, Ясауи кесенесі де тамаша. Ғимараттары – көне әрі әдемі. Орта ғасырға тап болғандайсың. Өзбекстан жерінде де болдым. Әмір Темір кесенесіне барып қайтқанмын. Орталық Азияның орта ғасырдағы мәдениетін тану үшін Өзбекстанды да, Түркіменстанды да қоса аралап шығу қажет. Бұл бір эпоханың мәдениетін, тұтастай картинасын елестетуге көмектеседі. Бұл аймақтың мәдениеті маған тосын еді, сондықтан танысқаныма өте қуаныштымын.
...Бірақ нәрсені айта кеткенді жөн көріп отырмын. Орта ғасырлық жәдігердің сақталып қалғаны, әрине, көз қуантады. Алайда туристтік мекен бола тұра, инфрақұрылымның жоқтығы, шыны керек, таңқалдырды. Қарапайым ғана, әжетхананың өзін табу қиын. Ал кесененің жанында жүрген адамдар қоқыстарды лақтырып, шашып кетеді. Бұл – киелі орынға деген құрметсіздік.
Америкалықтар Қазақстан мен Орта Азия жайлы көп біле бермейді. Барған соң, достарыммен міндетті түрде хабар беремін. Келу не келмеуді өздері шешеді. Оның үстіне, әлемді аралауға кез келген америкалықтың қалтасы көтере бермейді.
Галина Яковлева, Ресей, Воронеж, Фармацевт
Ашық аспан астындағы мұражай
- Анам Шымкентте туған. Ұлты – украин. Өзім Ресейде туғанмын. Анам қазір – 77 жаста. Туған жерімді көремін деген соң, Қазақстанға келген жайымыз бар. Шымкентке келер алдында қандай көрікті жерлерге барарымды жоспарлап алдым. Алғашқысы – Түркістан қаласы болатын. Әсіресе, Ясауи кесенесі мен оның қасында қазылып жатқан Ясы қаласының көне орны маған қатты ұнады. Әсіресе, археологиялық қазба жұмыстарының үстінен түскеніме қуанып отырмын. Жолым болды. Былайғы өмірде қазба жұмыстары жүріп жатқан жерге "қарапайым адамдарды" кіргізбейді ғой, білесіздер. Ал мен сонау б.з. I ғасырында іргелі қаланған сабан қаланың ішіне кіріп көрдім. Алған әсерімді айта алмаймын енді... Түркістанды аралауға бір күнім кетті. Күнге де күйіп кеттім (күліп)...
Тағы оқыңыздар: Турист жазбасы: Ясауи атамыз бен оның кесенесі туралы не білеміз?