Саясат

Путин биліктен кетсе немен айналысатынын айтты

Фильмде айтылған бір-ақ шындық бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ президенті Владимир Путин мемлекет басшысы қызметінен кетсе, шарап жасау ісімен айналысатынын айтты. Мұны ол жоғары оқу орындары студенттерімен онлайн кездесуде айтты. 

РБК сайты хабарлағандай, кездесу барысында Владимир Путинге оппозиционер Алексей Навальный түсірген фильмі жайлы сауалдар қойылды. Оған Путин Геленджекте салынып жатқан алып сарайды "менікі де, туған-туыстарым мен жақын таныстарымдікі де емес" деп мәлімдеді.

"Фильмде айтылған бір-ақ шындық бар: ол – менің шарап жасауды шаруаға айналдырғаным. Бизнесім емес, жақсы көретін ісім. Жақсы, берекелі шаруашылық. Мемлекеттік қызметтен кетсем, сонымен айналысқым келеді", - деді ол.

"Борис Титов деген кеңесшім бар. Ірі компаниясы бар. Қазір кеңесшім. Кейін қызметтен кетсем, соған кеңесші боп жұмысқа тұрамын. Заң саласында көмектесемін", - деді тағы Путин.

Айта кеткен жөн, 16 қаңтар күні ресей оппозионері Алексей Навальный президент Путиннің жемқорлық әрекеті, одан түскен қаржыға зәулім сарай сап жатқаны жайында фильм түсіріп жариялады.

Навальный ісі: Ресейде мұндай ауқымды митинг бірінші рет боп тұр