Bugin

Ресейге салынған санкция теңгеге қалай әсер етпек?

Санкцияға еті үйреніп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында президент Джо Байден бастаған АҚШ әкімшілігі Ресейге қарсы санкция күшейтетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, Еуроодақ елдері де орыс билігіне санкция салуды жоспарлауда. Мұның бәрі Қазақстан экономикасына қалай әсер етпек? Зияны мен салдары қандай? Қазақстандық сарапшылар не дер екен?

Сарапшылардың айтуынша, санкцияның Қазақстанға зиянды да, зиянсыз да жағы бар.

Мәселен, экономист и социолог Тимур Айсаутовтың айтуынша, Байденнің билікке келе сап Ресейге шүйлігуі – саяси мәртебесін көтеру мен өзін жария етудің амалы ғана.

"Байденге билікке келе салып саяси приоритетін ашық көрсетуі тиіс болды. Әрі көрсетті де. Бірақ ол Ресейге шынымен шүйліге ме әлде жоқ па – мәселе осында", - дейді Айсаутов.

Сарапшының айтуынша, Ресейдің шетелдік санкцияға еті үйреніп кеткен. Әсер ете қоюы қиын. Оның үстіне, АҚШ салған санкцияның экономикалық емес, саяси сипаты басым.

"Егер АҚШ шындап кірісіп, санкция салар болса, онда Ресеймен қоса, бүкіл Еуразия құрлығына зияны тиеді. Содан Еуропа Одағы мен АҚШ-тың арасында шиеленіс күшейеді. Сондықтан АҚШ өзін көрсету, көңілі толмайтынын білдіру үшін саяси санкцияға ғана барады. Яғни, 15-20 лауазымды тұлға мен 2-3 кәсіпорынның АҚШ-қа кіруіне тыйым салады. Бұл – жай символикалық амал", - дейді сарапшы.

Ал Wall Street Invest Partners аналитигі Данияр Жүмекеновтің айтуынша, шетелдік инвесторлар мен ресейлік кәсіпкерлер АҚШ пен Еуропаның санкциясына үйреніп алған. Қыңқ етпейді. Бұл – Еуропаның эмоционалды шешімі ғана.   

"Инвесторға белгілі бір шенеунік пен кәсіпкерге санкция салынғаны түк те емес. Ал Еуропа ірі экономикалық санкция салады дегенге сенбейді", - дейді Жүмекенов.

Оның үстіне, Еуразиялық экономикалық одақ елдері доллардан бас тартып, сауда-саттықты ұлттық валютасымен жасайды. Одақ аумағындағы сауда-саттықтың 74%-ы ұлттық валютаға байлаған.

"Алдағы уақытта ЕЭО елдері Қытаймен де ұлттық валюта арқылы қатынас орнатуды жоспарлап отыр", - дейді сарапшы.

Ал санкцияның Қазақстанға зиянды жағына тоқталсақ, онда Ресей мен қазақ елі арасында сауда-саттықтың төмендеуі мүмкін. Өйткені Ресейдегі мол капитал шетелге асып кетсе, онда рубль құнсызданып, Қазақстандағы инфляция күшейеді. Сондай-ақ, Қазақстанның 40 пайыз импорты Ресейге байланған.

"Сол үшін Қазақстан Ресейден импорттаудың орнына басқа елдерден тауар әкелуге басымдық беруі тиіс. Сонда Ресейге тәуелді болмайды. Қазір еліміздің Қытаймен, Италия, Кореямен тауар айналымы өсуде. Бірақ біз шикізат сатумен ғана айналысамыз. Сондықтан ең алдымен шетелге тәуелді болмас үшін, елдегі өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту керек", - дейді Жүмекенов.

365info.kz