Bugin
Бәрін жемқорлық пен клиентелизм (ешкімге бағынбау) құртты
Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның пайда болғанына 15 жылдай уақыт болды. Бірақ "Самұрық-Қазынаның" жұмысы жыл сайын сыналады. Қоғам оны қыруар қаржыны құр шашып жатқан құрылым санайды. Ұлттық холдингтің босқа кеткен, далаға шашқан шығынын Есеп қомитеті жыл сайын жариялайды. Мұның халықтың ашуын келтірері хақ.
Wall Street Invest Partners сарапшысы Данияр Жүмекеновтің айтуынша, басында мемлекеттік холдинг Сингапурдың тәжірибесімен жасалып, елдің экономикалық драйверіне айналады деп сенген. Алайда бәрін жемқорлық пен клиентелизм (ешкімге бағынбау) құртты. Мұны Сингапур ұлттық университетінің директоры да атап өтіп, бұл – қазақстанның проблемасы деген еді.
Былтыр "Самұрық-Қазынаның" жарты акциясы сатылып, жекенің қолына өтетіні белгілі болған. Мұны жақында "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Елбасы Н.Назарбаевтың кездесінде де айтылды.
"Жекешелендіру 2021-2025 жылдары жүзеге аспақ. Мемлекеттік холдинг құрамындағы 736 ұйым жекенің қолына беріледі. Алайда жекешелендіру ойдағыдай жүреді деп ойламаймын. Мәселен, 20 жылдың ішінде 5-ақ мемлекеттік компания жеке нарыққа шықты. Ал инвесторларға берілген үлес өте аз. Біресе дағдарыс, біресе мұнайдың арзандауы себеп болды", - дейді қаржыгер.
Сондай-ақ сарапшының айтуынша, мемлекеттік холдинг қоластындағы компаниялар жекелендірілсе, онда жемқорлық жойылуы мүмкін.
"Компаниялардың жекеменшікке беру арқылы жемқорлықты азайтып, басқарма құрылымын сапалы жақсартуға болады. Бұл – оңды өзгерістің триггері болуы мүмкін. Акцияны IPO арқылы сату жекешелендірудің ашық өтуіне көмектеседі. Қазақстанда бастамашыл, басқаруға бейім адам көп. Мемкомпаниялардың солардың қолына түссе, жекеменшік кәсіпкерліктің дамуына үлес қосады", - деп түсіндіреді.
Оқи отырыңыз
Мемлекеттік талан-тараж: "Самұрық-Қазына" қоры Назарбаевтың қолына өтуі мүмкін