Bugin

Белгілі саясаттанушы депутаттарға чип енгізуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық саясаттанушы және қоғам белсендісі Данияр Әшімбаев депутаттардың жұмысын бақылап отыру үшін оларға чиптерді орнатуды ұсынды.

Саясаттанушы бұл ұсынысын өзінің Telegram желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Мәслихат институтын жаңғырту аясында депутаттарға арнайы чиптер енгізуді ұсынамын, оның көмегімен сайлаушылар депутаттардың өз округтерінде болуын бақылап, жұмысын қадағалайды", - деп жазды Әшімбаев.


Бұған дейін Дәрімова Қазақстанда қиын жасөспірімдер мен балаларды чиптеу керек екенін айтып, басы дауға қалған. 

"Қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратындар қоғам үшін қауіпті. Алайда әдеттегідей, бәрі бұрылып, мені мазақ етеді. Жақсы хайп. Менің парақшамда оқырман санын көбейтіңіздер», - деп жазды Гүлжайна Даримова.

Бұған дейін Алматыға Ресейдің Новосібір қаласынан көшіп келген экспериментатор Михаил Радуга бұрғы мен басқа да құралдардың көмегімен басына чип салғаны туралы жазған болатынбыз.  

Ал биыл Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алған еді. 

Мына сілтемеге өтіп чиптің шығу тарихымен таныса аласыз.