Bugin

Сарыағашта зорлықпен өлтірілген 5 жасар қыздың әкесі талап қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: stan.kz

Түркістан облысында қаза тапқан бес жасар қыздың әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Ережеповтің айтуынша, баспана маскүнемдер мен үйсіз-күйсіздердің ордасына айналған. Ол қасіретті жағдай қайталанады деп қорқады.

“Бірнеше күн бұрын көршілерім маған қоңырау шалып, үйде жарық жанып тұрғанын айтты. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ іште ешкім болмаған. Бұл үй қазірдің өзінде маскүнемдердің ордасына айналған. Біз Үкіметтен бұл үйді толығымен сүріп, ал жер телімін өз меншігіне алуды сұраймыз. Халыққа пайда әкелетін орын болсын. Бұл үйді міндетті түрде жермен-жексен ету керек. Тіпті маған биліктегі адамдар оның үйін бұзамыз деп те уәде берген. Үй өте ескі, онда тұру мүмкін емес. Алқаштардың жын-ойнағы десе де болады”, – дейді Нұржан Ережепов. 

Бес жасар қыздың азапты өлімі туралы жаңа дерек шықты 

Сарығашта 5 жастағы қызды өлтірген педофилге қандай жаза берілгені белгілі болды