ДАМУ

Болашаққа инвестиция: трейдинг, алтын, биткоин, акция

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Томирис Мұхамеджан

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде инвестиция, трейдинг, биткоин, акция сатып алу сынды салада табыс табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Біздің елде енді қарқын алған мұндай табыс көзінің бірқатар түрі бар. Bugin.kz порталы керекті ақпарат ұсынады.

Биткоин (Bitcoin, BTC) - виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан, биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. 2009 жылы Сатоши Накомото есімді тұлға ойлап тапқан валютаның қазіргі құны шарықтап тұр. Нақты айтар болсақ, 1 биткоин құны - 13 168 737,82 теңгеге тең.

Акция – үлкен компанияның жүзден бір, мыңнан бір немесе миллион бір бөлігі. Соны сатып алсаңыз, сіз сол компанияның қандай да бір бөлігін сатып алған болып есептелесіз. Бұл туралы Еркебұлан Әріпбай Bugin подкасқа берген сұхбатында толықтай айтып берді.

Трейдинг – арнайы биржадағы саудадан қосымша пайда табуға арналған жұмыс. Трейдинг арқылы қаржыны бірнеше есеге арттыруға болады. Сәйкесінше, айырылып қалу қаупі де бар. Мұндай саудамен айналысатындарды "трейдер" деп атайды.

Алтын сатып алу. Әдетте табысты бірден арттырмаса да, қалтаңыздағы қаражатты бірнеше жылдар бойы сол қалпында сақтайтын инвестиция түрі. Ұлттық банк мәліметінше, қазіргі уақыттағы 1 грам алтын құны 28 053.33 теңге. Ал бір жыл бұрын алтын құны 25 390.31 теңге болған.

Болашаққа инвестиция құюдың түрлі жолы бар. Бастысы жеті рет  өлшеп, бір рет кескен жөн.