Bugin

"Бишімбаев соты": жарыссөздің бірінші бөлімі бітті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Бүгін, 4 мамырда Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөздің бірінші бөлімі аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бірінші бөлімде тараптар өз пікірін толық айтты. 

Жарыссөздің екінші бөлімі басталғанда судья заң бойынша залдан алқабилердің шығуын сұрады. Сондай-ақ, екінші бөлім тікелей эфирден көрсетілмейтінін айтып, БАҚ өкілдерін де сот залынан шығарды. Екінші бөлім алқабилер мен БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін жарыссөз барысында айтылған маңызды оқиғаларды хабарлаған болатынбыз.

Айтбек Амангелді: "Бишімбаев туралы бірдеңе айтқаннан пайда жоқ"

Бишімбаев 2 жасар қызының өлімі туралы айтты

"Салтанат үшін күнде дұға жасаймыз": Бишімбаевтың анасы жарыссөзде сөз сөйледі