Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Instagram/ qaznews24
Темірлан Еңсебектің 14 ақпанға белгіленген соты өтпей қалды. Сот 21 ақпанға шегерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Оның айтуынша, процесс прокурордың өтінішіне байланысты кейінге қалдырылған. Бұл туралы бүгінгі сот талқысы басталардан бір сағат бұрын белгілі болды.
Еске салайық, танымал Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі ай мерзімге қамауға алынды.
Ол 174-бап бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе дәни алауыздықты қоздыру") айыпталып отыр. Темірлан Еңсебек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осы жағдайдан кейін журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шықты.
19 қаңтар күні ұсталған журналист Руслан Бикетов ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды.
20 қаңтар күні Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, “Сатира – қылмыс емес” деген жазуы бар плакат ұстап пикетке шыққан еді. Оқиға орнына 5 минут өтпей полиция барып, журналисті ұстап әкетті. Сот шешімімен журналист 15 күнге қамады. Журналиске "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” (488-бап) деген айып тағылған. Жәпішева сот шешіміне келіспейді.
Полицияның мәліметінше, Темірланның ұсталуы сатиралық жазбаларымен байланысты емес екен. Қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған.
Темірлан Еңсебек түрмеден хат жолдады.