Bugin
Бұл оқиға елдегі саяси бағыттың қалай өрбитінін білдірсе керек
Қазақстанда өткен парламенттік сайлау ел тарихында болған ең ішпыстырарлық оқиға болды. Сайлауға интрига берген бір-ақ оқиға бар: Дариға Назарбаеваның билікке келіп, депутаттық төсбелгі алуы.
Назарбаеваның билікке келуін шетелдік БАҚ әртүрлі бағалап, тон пішті. Ал Қазақстандық БАҚ оны мәжіліс басшылығына келуі мүмкін деп болжағанымен, олай болмады. Десе де Назарбаеваның билікке келуінің себебі неде?
Бұған жауап іздеген Diplomat басылымы "Назарбаеваның сайлануы алда қандай да бір саяси өзгерістің басы болуы мүмкін" дегенді айтады.
Дариға Назарбаеваның бұған дейін сенат спикері болғаны белгілі.
"Бұл жерде бір нәрсеге мән берген жөн. Дариға Назарбаева сенаттан өзі кетті ме әлде оны Тоқаев қуды ма? Немесе Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі пандемия кезінде халықтың ашуынан қашу мен Назарбаев әулетінің абыройын сақтап қалуы үшін биліктен уақытша жасырын әкетті ме? Мәселе осында", - деп сұрақ қояды басылым тілшісі Кэтрин Пуц.
Автордың айтуынша, Дариға Назарбаева бұл жолы билікке аяқ астынан келді әрі мұның артында белгілі бір мүдде тұр.
"Бұл оқиға елдегі саяси бағыттың қалай өрбитінін білдірсе керек", - деп тұжырым жасайды автор.
Айта кеткен жөн, Дариға Назарбаева парламенттік сайлаудың арқасында мәжіліске депутат боп сайланған еді.
Дариға Назарбаева үнсіз. Демек рас болғаны ма?
Дариға Назарбаева депутат болып сайланды