Bugin

Ресейде Навальныйды қолдаған халық көтеріліске шықты

Ұстап әкетуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйды босатуды талап еткен халық наразылық акциясына шықты. Көтеріліс бірнеше қалада өтуде. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Немецкая волна-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары 23 қаңтар, сенбі күні, жаппай наразылыққа шығу туралы бастама көтерген. Бұған үн қосқан наразы жұрт бірінен кейін бірі көтеріліп жатыр.

Ең алдымен, Хабаровск пен Владивосток қаласының азаматтары көтерілді. Хабаровск қаласында мыңдаған адам көшеге шықты. Полиция қызметкерлері Ленин даңғылының бойына тоғытылған автозактарға белсенділерді бірінен кейін бірін тиеп әкетіп жатыр. Dvnovosti.ru-дың хабарлауынша, қазірге 200-300 адамды тиеп әкеткен.

Құқық қорғау органы қызметкерлері жұртты таратуға тырысуда. БАҚ-тың хабарлауынша, автозакқа тиелгендерді ұрып-соғу фактілері орын алуда. Наразы жұрт "Россия будет свободной" (Ресей – еркін ел), "Долой царя!" (Патша кетсін!), "Единая Россия" - партия воров!" (Единая Россия – жемқор партия) деп ұрандатуда.  

Медиазона-ның хабарлауынша, Оңтүстік Сахалин мен Магадан да митинг басталды.

Мәскеу қаласының азаматтары Пушкин алаңына жиналуда.

Еуропа мен басқа елдерде Навальныйды қолдаушылар наразылықа акциясын өткізуде.

Тағы оқи отырыңыз

Bloomberg: Навальный 13 жылға сотталуы мүмкін

Путиннің қас жауы: Навальныйдың ұсталуы жайлы шетелдік БАҚ не дейді?

Путиннің қас жауы оның қылмысын әшкерелейтін фильм шығарды

«Путин сарайы»: Ресей басшысының қылмысына қазақ жігітінің қатысы бар ма?